Өздігінен бата алмас, Адам өмірімен қатарлас. Ол болмаса пендеңіз, Тіршілік өмір жасамас. /Киім/.Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап, Басына бөрік киер, құндыз ұстап. Үстіне ақ камзолын киіп алып, Жүреді екі қолын артына ұстап. /Сауысқан/.
Үйде отырады, жатпайды, Көзін терімен қаптайды. Жазда бекер тұрса да, Бергенді қыста ақтайды. /Бүркіт/.
Екі аяғы да жоқ, Белінде таяғы да жоқ. /Жұмыртқа/
Күн батса қонақтап қалғыған, Таң атса жерден жем аңдыған. /Тауық/.
Биік таудың басында қара лашық, Түңлік жабық болғанмен есік ашық, Қайда жүрсең қажетің соған түсіп, Құтылмассың керексіз деп одан қашып. /Бас киім/
Ерте тұрдым, Екі айыр жолға түстім. /Шалбар/.Тұла бойы тыста, Екі қолы іште. /Белбеу/.
Көсеуді бесеуге сұқтым. /Қолғап, саусақ/.Дөңгелек айналасы, төртеу көзі, Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі. Нәрсені қашық тұрған жақындатып, Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі. /Түйме/.
более месяца назад
Ваш ответ:
Вы можете из нескольких рисунков создать анимацию (или целый мультфильм!). Для этого нарисуйте несколько последовательных кадров
и нажмите кнопку Просмотр анимации.