Register

OR

Do you already have an account? Login

Login

OR

Don't you have an account yet? Register

Newsletter

Submit to our newsletter to receive exclusive stories delivered to you inbox!

асык туралы шагын шыгарма

более месяца назад
Просмотров : 30    Ответов : 1   

Лучший ответ:

Шағын шығарма.

Асық – алтын қазына.

Асықты білмейтін қазақ жоқ шығар,сірә.Мал өсірумен айналысып келген ата-бабамыздың өмірінде асықтың алар орны зор.Асық деген не?Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын,қызметі аса күрделі,буынға біткен шымыр сүйек.Қой,ешкі,сиыр,түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес,мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінді болады.Асық – қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі.Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады.Сонымен қатар асықтың бірнеше түрі бар екендігін де ұмытпаған жөн секілді.Мысалы,кеней,асықтың ең үлкені – сақа, ешкінің асығы – егкімер,қойдың асығы – қойлақ,топай,шүкейіт,пүш,құлжаз және тағы да басқа.

Кеңес үкіметі кезінде асық ойынын балаларға берер еш тәрбиесі жоқ деп ойнаттырмай тастаған екен.Халқымыздың:"асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар" деп айтуы сол үшін деп білемін.Алайда,бұл мақал ескірді.Себебі,асықтың жас өрендерге берер пайдасы көп.Асық ойыны балаларды ептілікке,алғырлыққа,ширақтылыққа,сыйластыққа баулиды.Топ болып ойнайтындықтан,баланың досы да көп болады.Асық ойнаудан аудандық, облыстық көлемде жарыстар ұйымдастырылып жатады.Мектеп ауласында асық ойнап,беріспей жүрген балаларды көргенде көңілің бір марқаяды.

более месяца назад
Ваш ответ:
Комментарий должен быть минимум 20 символов
Чтобы получить баллы за ответ войди на сайт





Вы можете из нескольких рисунков создать анимацию (или целый мультфильм!). Для этого нарисуйте несколько последовательных кадров и нажмите кнопку Просмотр анимации.


Другие вопросы: