Менің сүйікті қалам ҚызылордаҚазақстанның алғашқы астанасы болған Қызылорда бүгінде қарқынды даму үстінде. Сәулеті мен дәулеті келіскен зәулім ғимараттар, жаңа нысандар тұрғызылып, тақтайдай тегіс жолдар салынды. Дарияның бойында қоныс тепкен қаланың сол жақ жағалауы игеріліп, шығыс стиліндегі жаңа қала бой көтеруде.Әрбір қаланың халық көп баратын романтикалық жерлері болады. Қызылорда Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Өзеннің өзі қаланың ең мақтанарлық жері. Жағалаудағы көз тартар жарық шамдар мен орындықтар бұл жерді одан әрі көріктендіре түседі. Дәл осы жерге мектеп түлектері таңды атыруға келеді. Атақты дарынды адамдар да дәл осы жағалаудан шабыт алатын. Әсіресе, күн батарда бұл жердің көркі қыза түседі.Тұңғыш президент бағы-Жжасыл шөптер, талдар мен көздің жауын алатын гүлдері бар баққа жастар жағы көп ағылады. Мұнда кез келген жыл мезгілінде сурет түсірілімін жасаса болады.Сарқырама-тарихы көп кішігірім арна қаланың орталығымен ағады. Мұнда да ғашығыңызбен ай жарығы астында серуендеп жүруге болады. Бірнеше жылдан соң осы жердегі алғашқы кездесуіңізді жақсы көңіл-күймен еске алып отыратын боласыз. Сыр-ана монументі-Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан. 40 метрдей болатын ескерткіште қазақтың ұлттық киімін киген әйелдің билеген бейнесі жасалған. Оның қасында 107 саты арқылы алаңға шыға аласыз. Ол жерден барлық маңның панорамалық түрін көруге болады.
более месяца назад
Ваш ответ:
Вы можете из нескольких рисунков создать анимацию (или целый мультфильм!). Для этого нарисуйте несколько последовательных кадров
и нажмите кнопку Просмотр анимации.